Марат Омаров Шымкентте той өткізді

402

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық танымал әнші Марат Омаров Шымкентте қызының ұзату тойын өткіземін деп басы дауға қалды. Желіде думанды шараның видеолары бірден тарап кеткен. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тойда түсірілген бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді. 

Фото: видеодан скриншотТанымал композитордың қызы Зүлфия Омарованың ұзатуы Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде өткен. Дүбірлі шара қонақтары той барысын видеоға түсіріп алып, желіге жүктеп жіберген. 

Жұлдызды әулеттің қуанышында Сабина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков болған. 

Ведомствоның хабарлауынша, мерекелік шара расымен "Караван" мейрамханасында өткен. 

"Мерекелік жиындарды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қыз ұзатуды ұйымдастырғандар әнші Марат Омаров пен мейрамхана иесі болып табылады" , - деді ведомство өкілдері. 

Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жарияланған видеоның негізінде Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен полиция департаментіне құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғау үшін хат жолдаған.

Ведомство өкілдері қандай шара қолданғандарын кейінірек хабарлайтын болады. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.