Қазақстандық фильм Лос-Анджелестегі кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

603

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әділхан Ержанов түсірген "Штурм" фильмі LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  "Қазақфильм" киноакадемиясына сілтеме жасап.

Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.


Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемисов сомдайды.


"Штурм" – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы. Сондай-ақ жобаны жасауға "Қазақфильм", Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.


Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.