Әли Оқаповтың қатысуымен өткен тойдың видеосы СЭБД назарына ілікті

410

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотЖеліде қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өткен тойдың видеосы тарап кетті. Бейнежазбаларда Әли Оқапов пен Индира Еділбаева секілді әншілер бой көрсетті.

Instagram желісінде жарияланған видеоларға сәйкес, мерекелік шара әнші Диас Аблаевтың 35 жасқа толуына орай ұйымдастырылған. Туған күн кешіне жиылған жұлдызды қонақтар бір-бірімен жарыса фото және бейнежазбалармен бөлісе бастады. 

Бұл жайт Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарына ілікті. Ведомство өкілдері тойдың видеоларына қатысты пікір білдірді. 

"Мерекелік шараның бейнежазбалары мониторингтік топқа жіберілді. Олар видеоны зерттеп, дәлел болатын материалдарды жинаумен айналысады" , - деді СЭБД басшының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.

Актриса Жәния Джуринская жолдасымен бірге карантин уақытында тұсау кесу рәсіміне қатысқанын жазған болатынбыз. Мерекелік шара шектеу шараларына қарамастан мейрамханада өткен көрінеді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.