Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай жыр мүшәйрасы өтті

547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Облыс әкімдігіЖазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай Жаңаарқада жыр мүшәйрасы өтті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүшәйрада ақындар екі тақырып бойынша өз туындыларын оқыған. Олар байқаудың алғашқы кезеңінде өлеңіне А.Сейдімбектің өмірі мен өнегесін арқау етсе, келесі кезеңде еркін тақырыпта жазылған шығармаларын ұсынды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрамына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен өңірдің қаламгерлері енген қазылар алқасының шешімімен анықталды.

Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Ақтөбе облысынан келген ақын Азамат Әбілқайыр жеңіп алды. I орынды елордалық Жәнібек Әлиман еншілесе, II орын Алма Ақылбайқызына бұйырды. Ал ІІІ орынды түркістандық Батырхан Сәрсенхан мен қарағандылық Жәлел Қуандықұлы жеңіп алды.

Мүшәйра жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйақылармен мараптталды. Сонымен қатар, 4 ақын сайыстың арнайы жүлделеріне ие болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.