«Шеше, мен тірімін!»- Қазақстандық фильм Канн фестивалінде гран-приге ие болды

446

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Шеше, мен тірімін!» атты әлеуметтік драма әйгілі Канн фестивалінде Жібек жолы елдері номинациясы бойынша гран-при жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Әзиз Заиров берген сұхбатында фильмнің шығармашылық топ туындыны пандемия кезеңінде түсіргенін айтып берді.

«Түсірілім қиын жүрді, өйткені пандемия кезіне сәйкес келген болатын. Мен түсірілімнен бір күн бұрын коронавирус жұқтырғанымды білдім. Алғашқы 12 күнде онлайн жұмыс істеуіме тура келді. Досым менің орынма түсірілім алаңына барып, мені Zoom арқылы ұжыммен байланыстырып жүрді. Қалған бөлігінде өзім тікелей араластым. Бұл фильм бүкіл аналарға арналған әнұран іспетті. Туынды арқылы онкология мәселесін ашқымыз келді. Фильмнің режиссері мен сценарий авторы Мұхаммед Мамырбеков екеуіміз. Басты рөлдерді Сұлтанна Шеңгел, Адель Махмұтова, Ілияс Аутов, Асланби Медеулов сомдады. Қоюшы режиссер де Мұхамед Мамырбеков екеуіміз. Қоюшы-оператор – Қазбек Әміржанов. Қоюшы-суретші – Алексей Филимонов. Композитор – Әсел Омарова. Дыбыс инженері – Илья Коробейников», - дейді Әзиз Заиров.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.