2029 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады – министр

516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2029 жылға қарай халықтың 65%-ы табиғи газбен қамтылатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Министрлік халықты газдандыру деңгейін 2029 жылға қарай 65%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, бұл 12 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етеді", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.

Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия генерациялайтын қуаттар енгізіледі. Оның ішінде 1,8 ГВт электр станцияларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу жоспарлануда.

Ал 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам объектісі іске қосылады. Осылайша жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7%-ға жетеді, деді министр.

Бұдан бөлек 2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.