Қазақстанда жылдық инфляция 20,3%-ке жетті - Ұлттық банк төрағасы

605

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 20,3%-ға жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Айтуынша, былтыр желтоқсанда айлық инфляция 1,2%-ке дейін баяулағанына қарамастан, соңғы бес жылдағы орташа айлық көрсеткіш 0,7%-тен айтарлықтай асып түсті.

"Жылдық мәнде инфляция 20,3%-ға жетті. Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға зор үлес қосып, жылдық көрсеткіш бойынша 25,3%-ға жетті. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері қыс маусымына байланысты қымбаттады", - деді Пірматов үкімет отырысында.


Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 19,4%-ға дейін өскен. Импорттың жоғары үлесі бар тауарлар, оның ішінде жеке пайдаланатын тауарлар, жуатын және тазалайтын заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағасы едәуір өскен.


Әкімшілік реттеу себебінен жанар-жағармай мен 2021 жылғы жоғары база есебінен автокөлік бағасының өсу қарқыны баяулады.


"Желтоқсан айында ақылы қызметтердің инфляциясы 14,1% деңгейінде сақталды. Тұрғын үйді жалға алу мен коммуналдық қызметтердің құны өсу тұрғысынан баяулады", - деді Ұлттық банк төрағасы.

2022 жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ке дейін көтерген болатын. Пірматов былтыр қабылданған шаралар инфляцияны төмендетуге және оны орта мерзімді перспективада одан әрі тұрақтандыруға ықпал ететінін айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.