Қазақстанда пәтер құны төмендеуде

1 324

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда пәтер бағасы төмендеуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.


Мамыр айының қорытындысы бойынша бір шаршы метр үшін орташа баға – 374 556 теңге. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 0,4 %-ға аз.


Астанада 1,3%-ға, Өскеменде 1,2%-ға, Атырауда 1%-ға, Алматыда 0,9%-ға баға түсті.


Ал Шымкент, Тараз (+0,2 %), Семей (+0,4 %), Ақтау (0,5%) қалаларында үйдің бағалары көтерілді.


Сарапшылардың хабарлауынша, мамыр айының қорытындысы бойынша бір шаршы метр үшін ең жоғары орташа баға – Алматыда, 706 мың теңгеге жетті.  Астанада 475 мыңға жуық, Шымкентте 433 мың теңге.


Ең арзаны – Қызылордада (236 мың), одан соң Ақтөбе (293 мың) және Таразда (306 мыңға жуық).


"Жыл басынан бері қайталама нарықтағы пәтерлер біршама қымбаттады, елде пәтер бағасы 0,4 %-ға өсті. Ең жоғары өсім Ақтауда, мұнда баға 4,2%-ға артты, ал Көкшетауда өсім ең төмен – 3,3 %. Бес айдың ішінде 12 қалада, оның ішінде Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй 2%-ға жуық қымбаттады, ал бес қалада, оның ішінде Астанада 1,7% арзандады", – делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.