Қазақстандық мұнай экспорты 53%-ға ұлғайды

2 268

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтау портынан мұнайды экспортқа тасымалдау көлемі 864 мың тоннаға жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку порты бағытында мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайып, 990,2 мың тоннаны құрады. Махачкала порты бағытында Ақтау портынан 1 млн 494,6 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз", - деп жазды "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметі.


Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты.


«ҚазТрансОйл» АҚ — Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.