Орта бизнес тұралап тұр десе де болады – Әшімбаев
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Спикердің айтуынша, экономиканы әртараптандыру үшін тиімділікке мұқият талдау жүргізіп, бизнесті қолдау шараларын қайта қарастыру қажет.
Әшімбаев қазір мемлекеттік қолдау көп жағдайда шағын кәсіпкерлікке және жаңа бизнес ашуға бағытталғанын айтты. Ол тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ірілендіруге және ауқымды етуге ынталандыратын шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.
Қаз
Рус






