2,5 пайыздық несие: 5,4 мың адамның өтінімі мақұлданды

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жария етті. 7 желтоқсандағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.


Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.


«Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (1014), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстарынан, Астана (548), Шымкент (498) қалаларынан түсті. Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды», - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.