Облысы әкімдігіне Астанада 118 миллион теңге тұратын зәулім үй неге керек?
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында Астана орталығындағы коттедждің 118 миллион теңгеге сатылатыны туралы ақпарат пайда болды. Ол Алматы облысының әкімдігіне тиесілі екені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сатылым лоты 2024 жылдың 17 қаңтарында пайда болды. Бұл үйді сатушы ретінде Алматы облысының Қаржы басқармасы көрсетілген.
Лот сипаттамасында - бұл 1990 жылы салынған тұрғын үй, жер телімі 0,06 гектар, жалпы ауданы 197,4 шаршы метр болатыны айтылған.
Бастапқы сату бағасы – 118 268 982 теңге. Бұл ретте кепілдік жарна 17 740 348 теңге болады. Аукцион 6 ақпанға жоспарланған.
"Ғимарат 90-жылдардан бері Алматы облысы әкімдігінің Астанадағы өкілдігі ретінде жұмыс істеп келеді. Оған жөндеу жұмыстары қажет – гидрооқшаулау жұмыстары, жылу жүйесін жөндеу және т.б. Ғимаратты ұстауға кететін шығынды азайту мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы бойынша жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы сату арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Ведомство жекешелендіру нысандарын сату ережесіне сәйкес мүлікті бағалау жүргізіліп, аукционға қойылғанын хабарлады.
Әкімдік ғимаратты сатудан түскен қаржы Алматы облысының кірісіне түсетінін айтты.
Қаз
Рус






