Сирек металдарды өңдеуде алпауыт елдермен келісім жасалды

2 546

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ShutterstockСирек металдар саласындағы инвестициялар көлемі 40 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сирек металдар саласындағы инвестициялар мен өндіріс көлемін 40 пайызға ұлғайтуды ескерген 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы шешуші рөл атқарады. Министрлік Еуропа Одағымен, АҚШ-пен және Ұлыбританиямен сирек металдар бойынша ынтымақтастықты нығайтты», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.


Оның айтуынша, нақты нәтижелер ретінде литий кен орындарын бірлесіп игеру, сондай-ақ сирек металдарды қайта өңдеу туралы неміс, ағылшын және америкалық компаниялармен жасалған келісімдер бар.


«Саланы дамыту тұжырымдамасында минералды базаны ұлғайтуға, заманауи технологияларды тартуға, қолданыстағы өндірісті кеңейту мақсаты қойылды. Ең бастысы - жаһандық құн тізбегінің орта буынындағы Қазақстанның рөлін нығайту», - деді министр.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.