Қазақстандық шоколад қай елдерге сатылады

2 581

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

qazaqstan.tvҚазақстандық тәттілер өндірушісі «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өткен жылды қорытындылап, қаржылық есептілікті жариялады. Компанияның жалпы табысы 21,6 млрд теңгені құрады, өнімдері әлемнің тоғыз елінде сатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Былтыр аталған компания барлық шығынды қоса алғанда 8,66 млрд теңге таза табыс тапқан, салыстырар болсақ 2022 жылы бұл көрсеткіш 8,4 млрд теңге.


Компанияның өнімдері әлемнің тоғыз елінде сатылды:


Қазақстан -2023 жылы түсім 76,9 млрд теңге; 

  • Ресей - 11,17 млрд теңге;
  • Қырғызстан - 3,09 млрд теңге;
  • Өзбекстан-2,07 млрд теңге;
  • Моңғолия-368 млн теңге;
  • Тәжікстан - 305,59 млн теңге;
  • Германия-305,18 млн теңге;
  • Әзербайжан-34,8 млн теңге;
  • Ауғанстан - 23,78 млн теңге.


Айта кетсек, Әзербайжанда табыс 2022 жылғы сату көрсеткішінен 10 есе төмендеді, ал Ауғанстан нарығына «ЛОТТЕ Рахат» өткен жылы ғана шықты. Сонымен қатар, 2022 жылы компания тағы бір шетелдік нарықтан шықты, сол жылы компанияның 88 млрд теңгеге жуық өнімі сатылды. 


«ЛОТТЕ Рахат» АҚ иесі Оңтүстік Кореяның «Lotte Wellfood» компаниясы. Аталған компания акциялардың 95,57% бақылайды, қалған 4,43% қазақстандық акционерлерге тиесілі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.