Қазақстан көрші елдермен газ транзитін арттырмақ

2 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Солтан Жексенбеков/KazinformЕліміз арқылы Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанның газы тасымалданады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Өткен жылы қазанда Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталып, 1,28 млрд текше метр газ тасымалданды. Биыл біз оны 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Кейін тағы да жылына 11 млрд текше метр газ тасымалдауды дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында. 


Сондай-ақ, министр Ресейдің газын Қырғызстанға тасымалдауды арттыру мәселесі қаралып жатқанын айтты. 


«Одан бөлек, түрікмен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты түрде артып келеді. Биыл газ транзитін 37,1 млрд текше метр дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.