Қазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтар экспорттайды

2 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: kazatomprom.kzҚазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтар экспорттайды. Бұл туралы Үлбі металлургиялық зауытынан мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Жылу бөлетін жинақтар — экспорттық өнім. Ол CGN компаниясының қатысуымен тек Қытай Халық Республикасына ҚХР атом станцияларына жеткізіледі. 2022-2023 жылдары ҚХР-ға жылу бөлетін жинақтар 5 рет жеткізілді. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде шамамен 150 тонна өнім жөнелтілді. Қытайдың атом электр станциясының реакторларына екі жылу бөлетін жинақтар жүктелді. Олар: Қытайдың оңтүстігіндегі „Янцзян“ және „Фанчэнган“ станциялары.

2024 жылдың шілде айының соңында жылу бөлетін жинақтардың барлығы 8 жеткізілімі жүзеге асырылды. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде бұл 240 тоннаны құрайды», — делінген зауыттың ресми жауабында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.