Биыл елімізде газ өндіру көлемі артты

2 687

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Halyq UniБиыл Қазақстанда газ өндіру көлемі көбейді, - деп хабарлайды "Opennews" ақпарат агенттігі.

2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 2,8%-ға ұлғайып, 7 202 млн м³ жетті (2023 жылы 7 008 млн м³ өндірілді), деп мәлімдеді Қазмұнайгаз компаниясы.

Көрсеткіштің өсуіне ресурстарды тиімді басқару және компанияның технологиялық процестерінің дамуы оң әсер етті, – деп қосты ведомство.

Газ өндіру деңгейі «Өзенмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларында артты. Өсім негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнының өндірістік игерілуінің басталуымен, сонымен бірге Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуімен байланысты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.