Қазақстан Ресей газын Қытайға жеткізу мәселесін қарастыруға дайын
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан Ресей газын өз аумағы арқылы Қытайға жеткізу мәселесін қарастыруға дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң ведомство басшысына «Жақында РФ премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Ресейден Шығыс Қазақстан аумағы арқылы Қытайға газ жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр деп мәлімдеме жасады. Астана бұл туралы не ойлайды?» деп сұрақ қойды.
Алмасадам Сәтқалиев алдымен мәселені РФ мен ҚХР өзара талқылап алу керегін, Қазақстан жобаны іске асыруға көмектесе алатынын атап өтті.
Қаз
Рус






