Жеке тұлғалардың 2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі қашан аяқталады

2 168

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comМемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау үшін жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді. Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.