Magnum сауда желілерінде жұмыртқа арзандауы мүмкін

2 444

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Magnum сауда желілерінде азық-түлік жеткізушілер үшін жағдайды жеңілдетеді, нәтижесінде алдағы уақытта жұмыртқа орта есеппен 10-12%-ға арзандайтындығын атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі .

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік нарығындағы қатысушылар үшін ашық және әділ жағдайлар жасауға бағытталған  Magnum Cash&Carry  ЖШС-мен сыртқы монополияға қарсы комплаенс актісін жасаған. 

Комплаенс шеңберінде ұсынылған шаралар жеткізушілерге түсетін жүктемені азайтуға және азық-түлік бөлшек саудасында адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.

Маңызды қадамдардың бірі – азық-түлік жеткізушілеріне көрсетілетін сауда желісінің коммерциялық қызметтерін 34-тен 9 позицияға дейін қысқарту. Бұл шешім жеткізушілермен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жеңілдетеді және болашақта бөлшек саудадағы бағалардың төмендеуіне әсер етеді.

Magnum Cash&Carry  ЖШС барлық жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету міндеттемесін өз мойнына алды. Әсіресе, тауық жұмыртқасы өндірушілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания барлық санаттағы жұмыртқа жеткізушілерінен қызметтер үшін төлем алудан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бағаның тұрақсыздығы жағдайында аса маңызды. Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауы бойынша, жеткізушілерден алынатын сыйақыларды алып тастау жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетіп, бөлшек бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арзандатуға мүмкіндік береді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.