Бір жылда суық судың тарифі 88,4% өскен

2 799

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотНаурыз айында ел бойынша тұрғын үйді жалға алу төлемі жылдық мәнде 14,9%,  жаңа жеңіл көлік бағасы 21,6%, картоп бағасы 66,4%, суық су тарифі 88,4 пайыз өскен, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі . 

Бұл  туралы Ұлттық статистика бюросының наурыз айындағы бағалар туралы ресми мәліметінде айтылған. Наурыздағы инфляция 2024 жылдың наурызындағы көрсеткіштен 10 пайыз жоғары болған. Оның ішінде ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 14,3%, азық-түлік емес тауарлар құны 9,1%, азық-түлік тауарлардың бағасы 7,6% өскен.

Тарифтердің ішінде әсіресе суық сумен жабдықтау құны қатты көтерілген – бір жылда 88,4%. Сондай-ақ су бұру тарифі 23,7%, орталықтан жылыту тарифі 19%, ыстық су тарифі 14,6%, электр тарифі 14,3%, тұрмыстық газды құбыр арқылы тарату тарифі 13,3%, қоқыс шығару тарифі 11,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 11% өскен.

Байланыс қызметтерінің бағасы 13,9%, денсаулық сақтау қызметтерінің бағасы 13,4%, көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағасы 12,9%, шаштараздардағы баға 12,6%, қоғамдық орында тамақтану құны 11,3% артқан. Ал темір жол билеті 23,6%, қалалық автобуспен қатынау 11,2%, ұшақ билеті 10% қымбаттаған. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 14,9% өскен.

Ал зергерлік бұйымдар мен сағаттар 26,6%, жаңа жеңіл автомобиль 21,6%, кілем 13,9%, киім мен аяқ киім 10,9%, жиһаз 10%, баллонға құйылған сұйытылған газ 23%, ағаш 14,8% қымбаттаған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.