ХВҚ жаһандық экономикалық өсу болжамын 3 пайызға дейін көтерді

2 282

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: МВФХалықаралық валюта қоры (ХВҚ) сейсенбі күні 2025 жылға арналған әлемдік экономикалық өсім болжамын 3 пайызға дейін жоғарылатты. Бұл – сәуір айында жасалған болжаудан 0,2 пайыздық тармаққа жоғары, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ХВҚ-ның жаңартылған «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» (World Economic Outlook) баяндамасына сәйкес, 2025 жылы дамушы нарықтары бар және дамып келе жатқан елдердің экономикасының өсімі 4,1 пайыз болады деп күтілуде. Бұл – сәуірдегі болжамнан 0,4 пайыздық тармаққа артық.

Дамыған елдер үшін де өсім болжамы 1,4 пайыздан 1,5 пайызға дейін қайта қаралды.

Атап айтқанда, АҚШ, Еуроаймақ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика, Сауд Арабиясы және Нигерия сияқты елдердің экономикалық өсіміне қатысты болжамдар жақсартылды.

Құжатта атап өтілгендей, жылдық болжамның айтарлықтай қайта қаралып, жоғарылауына бірнеше факторлар әсер еткен. Атап айтқанда: импорттаушылардың кедендік баж салығының көтерілуіне дейін тауар жеткізілімін алдын ала арттыруы; АҚШ-тағы орташа тариф мөлшерлемелерінің сәуір айында жарияланған деңгейден төмен болуы; АҚШ долларының әлсіреуіне байланысты қаржылық жағдайдың жақсаруы; сондай-ақ бірқатар ірі мемлекетте салықтық ынталандыру шараларының кеңеюі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.