Енді мемлекет азаматтардың табысын ғана емес, шығынын да бақылайды

2 253

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: fjg.co.ukҚазақстан Қаржы министрлігі «Салық салу нысандарын жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа тәртіпке сәйкес, салық органдары енді азаматтардың табысы мен мүлкін тек ресми деректер арқылы ғана емес, баламалы ақпарат көздері арқылы да анықтай алады. Бақылау тек табысқа емес, шығындарға, өмір салтына және тұтыну деңгейіне де таралады.

«Заңға бағынышты салық төлеушілер енді тек табысын емес, шығынын да қадағалауы қажет. Өйткені жаңа ережелер бойынша өмір сүру деңгейі мен сатып алулар да есепке алынуы мүмкін», – дейді Uchet.kz  платформасының негізін қалаушы Максим Барышев.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі жаңа тәсілді блогерлерге қатысты сынақ ретінде қолданып көрген. 2025 жылдың ақпанында жүргізілген тексеріс барысында 594 адамда сәйкессіздік анықталып, 53,3 млрд теңге көлемінде декларацияланбаған табыс белгілі болған.

Сондай-ақ жаңа Салық кодексі аясында бизнеске де шектеулер енгізіледі. 1111 қызмет түрінің 70 пайызы жеңілдетілген салық жүйесін қолдану құқығынан айырылады. Бұл әсіресе B2B форматындағы кәсіпкерлерге әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп салықтық ашықтықты арттырумен қатар, әкімшілік бақылауды күшейтеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.