Жаңа жүйе: тауарда екі түрлі баға қою тәртібі түсіндірілді

2 569

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.comБиыл күзден бастап елімізде тауарларға екі түрлі баға қою жүйесі енгізіліп жатыр. Тікелей сатып алу мен бөлеп төлеудің айырмашылығын Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Егер тауардың құны бөліп төлеусіз көрсетілсе, бірақ, сатушы банк арқылы қосымша комиссиямен немесе пайызбен рәсімдеуді ұсынса, бұл сатушының өз тарапынан айтқан ұсынысы болып есептеледі. Сатушы сізге осындай банк шарттары барын айтып жеткізіп отыр. Сіз QR арқылы төлеген кезде, төлемді тікелей сатушыға жасамайсыз, яғни бөліп төлеуді рәсімдейсіз, бірақ оны сатушымен емес, банкпен жасайсыз, - деп түсіндірді Еркебұлан Тағашев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сатушы клиентке тауар құнын банк арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі барын айтып, ұсына ғана алады.

- Егер клиентке қосымша төлем шарттары туралы сатып алу жүзеге аспас бұрын айтылса, ол заңды. Ал бөліп төлеуде сатушы тауар бағасын өздігінен көтерген жағдайда, заң бұзушы болып саналады. Егер сатушы сізге ұсынды, сіз оған өз еркіңізбен келіссеңіз, одан арғы мәселе банкпен байланысты, - дейді ол.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.