Құрамында бояғыштар бар: Бірқатар шайды сатуға тыйым салынды

2 539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ДСМКейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің сәйкес қаулысымен бірнеше техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды. Бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
  • "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана қ.)
  • "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);
  • "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:
  • "Al-Hayat" Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited" (Алматы облысы);
  • "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus" ЖҚ (Алматы қ.);
  • "Alfarah" (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.