Еліміз Орталық Азия өңірінде бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды

2 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© shutterstock.comҚазақстан 2026 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша әлем елдерінің экономикалық еркіндік индексінде көрсеткішін 63,8 баллдан 64,2 баллға дейін жақсартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

Экономикалық еркіндік ұғымы азаматтардың мемлекет тарапынан артық шектеулерсіз меншік иелену, кәсіп түрін таңдау, табыс табу, қаржысын басқару және бизнес жүргізу мүмкіндіктерін білдіреді. Экономикалық еркіндік индексі 10 негізгі көрсеткіш негізінде қалыптастырылады. Олардың қатарында меншік құқығының қорғалуы, сыбайлас жемқорлық деңгейі, салықтық еркіндік, үкіметтің экономикаға араласу деңгейі, кәсіпкерлік және еңбек еркіндігі, ақша-несие және сауда еркіндігі, сондай-ақ инвестициялық және қаржылық еркіндік бар. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша Орталық Азия елдері арасында алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар ел ТМД, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бірқатар мемлекеттерден озық нәтиже көрсеткен.

Қазақстанның көрсеткіші Италия (74-орын), Грекия (75-орын), Венгрия (79-орын), Түркия (country) (117-орын), Ресей (145-орын) және Қытай (154-орын) елдерінен жоғары. Ал рейтингтің көшбасында соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты түрде Сингапур (84,4 балл), Швейцария (83,7 балл) және Ирландия (83,3 балл) тұр. Бұл деректер елдегі экономикалық еркіндік деңгейінің бірқатар дамыған және дамушы мемлекеттермен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.