Қазақстан экспорттайтын алюминий металы қымбаттады

384

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлемдік нарықта алюминий қымбаттады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Лондон биржасында металдың үш айдан кейін жеткізілетін вьючерстерінің тоннасы 2770 долларға саудаланған. . Сарапшылардың көбі бағаға Гвинеядағы төңкеріс салдары әсер етті деген  өз болжамдарын  айтуда. Қазақстан бұл металды экспорттаушы ел болып табылады. 2021 жыл басталғалы  елден 120 мың тоннадан астам аллюминий экспортталды. Оның жалпы сомасы 250 мың доллар. Металды негізінен Түркия, Грекия, Хорватия, Черногория және Өзбекстан елдері импорттайды. Биыл алты айда Түркияға 66 мың тоннадай, Грекияға 18 мың , Хорватияға 15 мың тоннадай алюминий жеткізілсе, ал Черногорияға 10  мың тонна, Өзбекстанға 3,8 мың тонна сатылыпты. Жалпы жыл басынан бері алюминий 40 процентке қымбаттаған. Сарапшылар Гвинеядағы төңкеріс оның құнын одан әрі қымбаттауына себеп болуы мүмкін деп алаңдайды. Себебі әлемдік өндірістің төрттен бірі осы елдің үлесінде. Осы категория бойынша: " Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды Сенат ЕАЭО мен Армения арасындағы әріптестік туралы заң жобасын қабылдады".
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.