Теңге алғаш рет конституциялық мәртебеге ие болды

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© https://www.shutterstock.com/1-ші шілдеден Қазақстанда референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция күшіне енді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттқ агенттігі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Ата заңда теңгенің елдің жалғыз әрі дербес ұлттық валютасы екені ресми түрде бекітілген. Конституцияның 2-бабына сәйкес, теңгені айналымға шығару құқығы тек Қазақстан мемлекетіне ғана тиесілі. Ескі заңда теңгенің статусын айқындайтын бап болмаған. Теңгенің ұлттық валюта, төлем және жинақтау құралы ретіндегі бұл құқықтық мәртебесі елдің қаржылық дербестігі мен экономикалық тәуелсіздігін толық қамтамасыз етеді. Ұлттық Банктің мәлімдеуінше, бұл қадамның стратегиялық маңызы зор.

«Ұлттық валютаның конституциялық мәртебе алуы ұзақмерзімді ақша-кредит саясатын жүргізудің құқықтық негізін күшейтеді. Мемлекеттің ұлттық валютаны шығару құқығын Конституцияда бекіту қаржылық тұрақтылыққа оң ықпал етіп, азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ұлттық ақша жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Бұл құқықтық өзгерістер елдің орнықты экономикалық дамуы мен макроэкономикалық тұрақтылығына берік негіз қалайды», – делінген хабарлама.

Теңгенің айналысқа енгізілгеніне 33 жыл толады. Осы кезеңде төл валюта долларға қатысты 100 есе 4,69 теңгеден 494 теңгеге дейін құнсызданды. Жалпы алғанда теңге бірнеше рет девальвацияға ұшырады

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.