Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы 2028 жылға дейінгі жоспарды бекітті

2 527

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©ҮкіметҚазақстан Үкіметі 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекітті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Жоспардың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту, бизнестің ашықтығын арттыру, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және кәсіпкерлерге қосымша міндеттемелер жүктемей-ақ бюджет кірістерін көбейту. Көлеңкелі экономиканың үлесі 2019 жылғы ЖІӨ-нің 24%-ынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16,7%-ға дейін төмендеген. Енді бұл көрсеткішті 2028 жылға қарай 13,8%-ға дейін азайту жоспарланып отыр.

Кешенді жоспар аясында жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай цифрлық мониторинг платформасы іске қосылып, көлеңкелі экономика тәуекелдерін анықтау күшейтілмек. Сондай-ақ сауда, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыруға бағытталған 53 іс-шара жүзеге асырылады.              Үкімет жоспарды іске асыру бизнестің әкімшілік жүктемесін арттырмай, экономиканың ашықтығын күшейтіп, бюджет кірістерінің тұрақты өсуіне мүмкіндік береді деп есептейді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.