Еуропада еліміз бензиннің арзандығы бойынша көш бастап тұр

412

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан Еуропада бензиннің арзандығы бойынша бірінші орынға шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг Еуропаның 32 еліне есептелген. Анықталғандай, Қазақстанда абсолютті мәнде және азаматтардың жалақысын есепке алмағанда бензиннің ең төмен бағасы сақталған. Рубльмен есептесек, мұнда АИ-95 маркалы бензиннің литрі небәрі 35,7 рубль тұрады.

Арзан жанармай бойынша екінші орында литріне 51,3 рубль бағасымен Ресей тұр. Үшінші орын Белоруссияға тиесілі, мұнда бір литр бензин орташа есеппен литріне шамамен 61 ресей рублінен тұрады.

Еуропа елдерінің ең қымбат бензині Нидерландыда сатылады, ресейлік валютамен есептегенде литрі 169,1 рубль. Одан кейінгі орында Финляндия, Дания, Норвегия және Швеция. Бұл елдерде бір литр бензин 150 рубльден жоғары болады.

Ең арзан дизельдік отын Ресейде сатылады – литріне 54,4 рубль. Оның төмен бағасы Қазақстанда, Беларусьте және Украинада да бар - литріне 80 рубльден аз. Ең қымбат дизельдік отын Швецияда – литріне 172,4 рубль.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.