Әкімдіктер тарапынан субсидиялауға 27 млрд теңге қарастырылған

571

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров: 2022 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 29,7 млрд теңге көзделіп отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша, биыл шамамен 659 мың тонна минералды тыңайтқыш себу жоспарланған. Бұл өткен жылғыдан 32,2 мың тонна артық. Бүгінгі таңда 226 мың тонна тыңайтқыш жеткізу туралы келісім-шарт жасалды. Іс жүзінде барлық өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды. Аграршыларға шамамен 56 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Оның ішінде оңтүстік өңірлердің үлесі – 16,9 мың тонна. Қоймадағы қор негізінен импорттық тыңайтқыштар есебінен қалыптасты», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.


Сонымен қатар, аймақтарға дақылдардың өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыштарды қолданудың маңыздылығына назар аударуды ұсынды. 

«Әсіресе олардың құнының өскенін ескере отырып, фермерлерді тыңайтқыштармен уақтылы және толық қамтамасыз ету қажет. Әкімдіктер тарапынан субсидиялауға 27 млрд теңге қарастырылған. Оларды барынша тиімді пайдалану керек. Пестицидтерге келетін болсақ, олардың бағасы да өсті. 2020 жылмен салыстырғанда пестицидтердің бағасы екі есе өсті. Былтыр көктемде бағаның өсуі 70% болса, күзде бағалар 2 есе өсті. 2022 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 29,7 млрд теңге көзделген. Бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.