ҰБ наурыз басынан бері теңгені ұстап тұру үшін 542 млн доллар жұмсады

340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге бағамын ұстап тұруда қандай саясатты ұстанатынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық Банк Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жөніндегі шаралардың бүкіл тізбесін қабылдауда. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдықтар түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлеміне ие. Ұлттық Банк шоктарды ретке келтіріп, дисбаланстардың жинақталуын болдырмайтын және резервтерді орынды пайдалануға мүмкіндік беретін икемді бағам белгілеу саясатын ұстануды жалғастырады», - деді Ұлттық банк төрағасы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, наурызда қосымша санкцияларға, соның ішінде Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге қысымды күшейткен. Наурыздың басынан бастап 542 млн долларға интервенция жүргізілген. Биылғы жылғы 14 наурызда теңге бағамы бір доллар үшін 511,74 теңгені құрады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.