"Эйр Астана" Украинаға рейстерді тоқтатты

270

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Киевке рейстерін тоқтатты, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі  Kaz.tengritravel.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, Украинаның әуе кеңістігінің азаматтық авиация үшін жабылуына байланысты Киевке рейстердің орындалуы келесі хабарламаға дейін тоқтатылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тек билет ақысын қайтару ұсынылады. Басқа рейстерге брондауға тыйым салынады.


Жолаушылар билет ақысын билетті шығарған сәттен бастап жыл ішінде сатып алған жерінен қайтара алады.
Сондай-ақ, "Эйр Астана" 1 маусымнан бастап Черногория астанасы Подгорицаға рейстерге сату ашылғанын, ал Шығыс Еуропаға басқа рейстер әлі жоспарланбағанын атап өтті.


Қазір компания қазақстандықтарды Украинадан шығарумен айналысады. Кеше Алматыға бесінші репатриациялық рейс келді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.