Қазақстанда екі айда 133,6 млрд теңгенің көлігі құрастырылды

510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық көлік құрастырушы кәсіпорындар қаңтар, ақпан айларында 133,6 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Бұл туралы Finprom.kz ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметіне сүйеніп ақпарат таратты.

«Қазақстандық автоөнеркәсіп қыста 10% өсім көсертті. Жыл қорытындысы бойынша өсім – 24%. Елдегі және бүкіл әлемдегі дағдарыстың ықтимал белгілеріне қарамастан, бұл сала өткен жылдардың оң трендін сақтап отыр. Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5% дейін жеделдеді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров машина жасау өндірісі 9,2% өскенін, оның ішінде автомобиль жасау көлемі 10,2% артқанын атап өтті», - деп жазылған мақалада.

Портал мәліметінше, жылдың екі айының қорытындысы бойынша сектордағы өнім 133,6 млрд теңге болған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 93,5 млрд теңгені құраған екен.

 «Бұл ҚР машина жасау сегментіндегі барлық шығарылымның 38,4% деген сөз. Салыстырсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 32,1% еді. Ал бес жыл бұрын небәрі 9,9% болатын. Ал машина жасау секторының өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 2021 жылы 14% болса, бес жыл бұрын небәрі 9,4% құрады», - деп жазады Finprom.kz.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.