Елімізде бидай, ұн өнімдерінің экспортына шектеу қойылды

649

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан бидай мен ұн өнімдерінің экспортына шектеу енгізді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:
  • бидай мен меслинге – 1 млн тонна; 
  • бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. 
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). 


"Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.