Елімізде салық кодексіне өзгерістер енгізілуде

401

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: елімізде пайдалы қазба өндіру салығының көлемі  артатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.     
                                           
                                           
«Бірінші міндет – табиғи ресурстарды өндіруден түсетін кірісті күшейту. Қатты пайдалы қазбалар бағасының динамикасы талданды. Мәселен, 2018-2022 жылдар кезеңінде биржалық металдар бағасы 40 пайыздан жоғары өсім көрсетті. Биржадан тыс пайдалы қазбалар (темір кені, хром кені, марганец және т.б.) орта есеппен 20% -дан 40%-ға дейін өсті. Осыны ескере отырып, биржалық металдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының (ПҚӨС) мөлшерлемелерін 50 пайызға, ал қалған қатты пайдалы қазбалар бойынша 30%-ға ұлғайту ұсынылады», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, салық жүктемесін ұлғайтумен қатар, геологиялық барлауды және жаңа кен орындарын ашуды ынталандыру бойынша қадамдар ескерілген.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, рентабельділік деңгейі 15 пайызға (IRR) жеткенге дейін, барлау және өндіру 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін басталатын жаңа кен орындары бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату ұсынылады», - деді министр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.