Биыл бюджеттің 58 млрд теңгесі игерілмей қалған – министр

470

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР Премьер-МинистрлігіҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделсе, 58 млрд теңге – игерілмегенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,1%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Сонымен бірге, бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделген, 58 млрд теңге игерілмей қалған», - деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында. 


Игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде байқалды. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңгені құрады. 61 млрд теңге атқарылмай қалған. 


«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. 17 млрд теңге атқарылмай қалды, оның ішінде 4 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңгесі игерілмеген», - деді Е. Жамаубаев.

 


Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалады. Оның негізгі себептері - төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.