Араб инвесторлары Қазақстанда автожол салады

330

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАраб елінің инвесторлары біздің елдегі республикалық маңызы бар жолдарды жаңғырту ісін қаржыландырып, ірі автожол жобаларын жүзеге асыруға ниетті. Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ABG компаниясының басшысы Халед Мохаммед Аль Абадидің кездесуінде айтылды.


Тараптар Қазақстандағы жол саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының біздің елге деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Оған таяуда Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары ықпал еткен.


Әлихан Смайылов Қазақстан инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелеріне жауапты екенін жеткізді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.