Қазақстанда 2025 жылға дейін 19 су қоймасы жаңартылады

488

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда 2025 жылға дейін 19 су қоймасы мен 6,4 мың шақырым су арнасы жаңартылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазір, су арналарын цифрландыру бойынша жұмыс басталған. 2025 жылға дейін еліміздегі 212 арнаның су есебі сандық жүйеге көшеді. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын қолданып, суармалы алқаптардың көлемін 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Межелеген міндеттерді жүзеге асыру үшін «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» саланың бас ғылыми-техникалық орталығы болып бекітілгені.

"Аталған институттың жанынан еліміздің су ресурстарының саны мен сапасы туралы объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру үшін «Ақпараттық-талдау орталығы» құрылады. Бұдан басқа қажетті жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарды жасаумен айналысатын болады", - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.