Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 15 грант ұтып алды

402

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадада жүлделі орынға ие болған қазақстандық мектеп оқушылары 15 білім грантын иеленді, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Финалдық тур 4-5 желтоқсанда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті.

Олимпиадаға жыл сайын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден, сондай-ақ Еуропа мен Азиядан 1 000-ға жуық бала қатысады. Биыл еліміздің әр өңірінен 100-ден астам бала зияткерлік сайыстарда Қазақстанның намысын қорғады.

«Оқу-ағарту министрлігі дарынды балаларды қолдау мақсатында осы олимпиаданы жыл сайын өткізеді. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, еліміздің әр өңірінің 7-11-сыныптарының оқушылары жеңіске жетті. Атап айтқанда, 1-орынды 9 оқушы, 2-орынды 12, 3-орынды 21 оқушы жеңіп алды. Барлық жеңімпаз, соның ішінде басқа елдерден келгендер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Ең көп ұпай жинаған 15 оқушы Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантын жеңіп алды», – деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.