Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында 1 «алтын», 3 «қола» иеленді

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотФизика пәні бойынша өткен Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті.


Зияткерлік жарысқа әлемнің 23 елінен командалар қатысты. Еліміздің атынан білім сайысына Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінен 8 оқушы түсті. Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр. 


Азия олимпиадасына қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында құттықтады. Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.


 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Дінмұхаммед Рахимжанов, Рауан Қалдыбаев, Антон Драганчук, Даниил Шатохин, Владимир Лим, Жалғас Сайлаубай.


 
 

 

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.