Балабақша педагогтерінің 24,5 пайызының бейіндік білімі жоқ

818

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің айтуынша, елорда балабақшаларындағы педагогтердің 24,5 пайызының бейіндік білімі жоқ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.


«Бүгінгі таңда 1 мен 6 жас аралығындағы 58 129 баланы тәрбиелеп отырған 433 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істеп тұр. Оның желісін кеңейту үшін қала әкімдігі 185 балабақшаға арналған жер учаскесін белгіледі. 2029 жылға дейінгі жоспар бойынша балабақшадағы орындарды ұлғайту үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға 38 740 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланады. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша балабақшалар желісі ашылады», - деді ол.
Сондай-ақ, істеп жүрген қызметіне бейіндік білімі сай педагогтердің санын қысқарту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.


«Бүгінгі күнде мектепке дейінгі ұйымдарда 5 800 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 24,5 пайыз тәрбиешінің бейіндік білімі жоқ. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайыз төмендеді. Аталған мәселені шешу үшін педагогтер біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр», - деді Қасымхан Сенғазыев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.