Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін дүниежүзілік робототехника чемпионатына бармақ

1 875

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Астанада робототехникадан Орталық Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Олар – жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ, тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.

Робототехника жарысы үш жас санатында өтті. Кішкентай балалар санаты бойынша Алматы қаласының оқушыларынан құралған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортаңғы санатта басты жүлдені алматылық «Play 4 Energy» тобы иеленді. Ал, 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер – алматылық AENTA және NIS Kyran топтары. Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың қатарының артқаны қуантады, - дейді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Айта кетейік, «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP-2023» робототехникадан чемпионат Астана қаласында 24-26 ақпанда өткен болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 1 200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.