Қызылордалық оқушылар үздік олимпиадалық команда атанды

1 808

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкент қаласында наурыз айының 20-25 күндері  жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Білім додасына 9 – 11 (12) сынып оқушылары математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша бақ сынасты.


Бұл —  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.


 «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.


Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың республикалық кезеңіне Сыр өңірінен 38 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі (5 оқушы – І орын, 5 оқушы – ІІ орын, 8 оқушы – ІІІ орын) орын иегері атанса, 2 оқушы Грамотамен марапатталды. Сондай-ақ, 3 оқушыға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім гранты табысталды.


Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – ІІІ орын» атағын иемденді.


Ағымдағы жылдың 3-7 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиадаға 29 өреніміз қатысатын болады. Жас дарындарымызға аймақ абыройын арттырады деп сенім білдіреміз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.