Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

1 663

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасты.

Тіркеу testcenter.kz сайтында жүргізілді. ҰБТ өткізу мерзімі - 16 мамыр мен 5 шілде аралығы.


Түлектер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш берді.


Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.


Талапкерлер аталған кезеңде тестіні 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады.


Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады: 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп пен колледждің өткен жылғы түлектері, шетелде білім алып жүрген 11(12) сынып оқушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер.


Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалғандары үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.