Қызылордалық екі студент 2 млн 600 мың теңге грант жеңіп алды

1 336

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері 2 млн 600 мың теңге грант жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» жобалар сайысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Урикбаев жобаларын таныстырып, грант иеленді.


«Smart Bench» − университетіміздің бас оқу ғимаратының алдына күн панельдері орнатылған орындықтар қоюға бағытталған жоба. Негізгі мақсаты − кампус ландшафтарын өзгерту, экологиялық мәселелерді тұрақты шешіммен қамтамасыз ету, университетіміздің инфрақұрылымының дамуына үлес қосу», − деді Саят Урикбаев.


Сайыстың шарты бойынша оқу орындарының кампусын дамытуға арналған 70-тен астам жоба келіп түсті. Соның ішінде 17 жоба үздік деп танылып, әрқайсысына 1млн 300теңге көлемінде арнайы грант бөлінді.


Келесі грант иегері Темірлан Абжанов тұрақты жылыжайға бағытталған жоба ұсынды. Жобаның мақсаты – органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы топырақты құнарландыруға пайдалану. Сондай-ақ топырақтың төменгі қабаты арқылы суару әдісін қолдану және суару процесін автоматтандыру арқылы су шығынын азайту.


Айта кету керек, «Sustainability Living Lab» жобалар сайысына университетіміздің 6 білім алушысы қатысуға өтінім беріп, 4 жоба финалдық кезеңге өтті. Нәтижесінде 2 студент грант иегері атанды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.