Қызылордада құны 8 млрд теңгені құрайтын заманауи мектеп салынбақ

1 746

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада жас математиктерге арналған мектептің құрылысы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыс әкімдігі премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жаңа мектеп-интернат салу туралы шешім қабылданғанын айтты.


"Білім беруді қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын оқу орнының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны - 7,9 миллиард теңге", - деп нақтылады әкімдік.


Бұдан бөлек Қызылорданың жаңа ауданында Сырдарияның сол жағалауында бірде-бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені жоқ.


"Бүгінгі таңда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның құны - 6,9 миллиард теңге, құрылыс биыл басталады", - дейді әкімдіктегілер.


Аймақта қырыққа жуық басқа да әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Соның бірі - құны 1,6 миллиард теңге болатын неке сарайы, ол тамыз айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыс орталығында құны 3,7 миллиард теңге 1000 орындық Өнер Орталығы желтоқсан айында өз есігін айқара ашады. Тағы бір нысан - қан орталығы, оның құны 2,7 миллиард теңге. Жаңа нысан 2024 жылы ашылады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.