4 мыңнан астам талапкер бос қалған білім гранттарына ие болды

2 031

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" салаларына бөлінді.


Комиссия шешімімен 4 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады.


Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және  телеграм каналында жарияланады.


Грант сертификаттарын Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.