Оқушылар халықаралық көрмеде үш алтын медаль жеңіп алды

2 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2022-2023 оқу жылында 90 алматылық оқушы 15 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, 43 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматылық оқушылар Балиде өткен ISIF-2023 халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде үш алтын медаль жеңіп алды. №24 лицей оқушысы Дияр Халбай мен №178 лицей оқушылары Ажар Нышанбай мен Тоғжан Жандарбек ғылыми әзірлемелерін Life science санатында ұсынды. Олардың жобалары металдың коррозиясын болдырмау үшін қорғаныс жабынын жасаудан бастап Қазақстан қалаларына тиімді жол жүру бағытын айқындау бағдарламасына дейінгі күнделікті өмірде қолдануға болады. Балалар «Алматы дарыны» орталығымен бірге жарысқа үнемі дайындалып, халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсетті.

Биыл қалалық олимпиада командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиадада 30 жүлделі орынға ие болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.