2028 жылға дейін 55 мыңнан астам студент жатақханамен қамтылады

2 536

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Кешенді жоспарға енген жобалар құнының 30 пайызын мемлекет қаржыландырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алдағы бес жылда жатақханалардағы орын саны 55,5 мыңға ұлғаяды. Премьер-министр Әлихан Смайылов Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.


Жоспарда жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және білім беру салалары бойынша жалпы 43 нысан қамтылған. Мұның ішінде жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделіп отыр. Спорт саласында жаңа 8 спорт залын іске қосу жоспарланған. Барлық бағыттар бойынша жаңа нысандардың жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.

"Кешенді жоспарға сәйкес, 8 мыңға жуық орынға арналған 9 студенттік жатақхана салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында жаңа жатақханалар ашылмақ", - дейді Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Динара Әлімова.

Атап айтқанда, биыл 10 мың орынға арналған 43 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жалпы, барлық қаржы көзі есебінен 2028 жылға дейін 55,5 мың орын пайдалануға беріледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.